Бокс

Жеті боксшымыз жастар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

news-banner7
mobile-news-top

Бангкокта өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында әйел боксшылардың ширек финалдық кездесулері аяқталды, деп хабарлайды prosports.kz сайты бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы сапынан төмендегі боксшы қыздар жартылай финалға шықты - Анел Құдайберген (48 келі), Жансая Абдраимова (51), Айзада Исламғали (54), Еркежан Дәулетжанқызы (57), Мария Гладкова (60), Майя Бейсебаева (69) және Надежда Рябец (75 келі).

Ал бүгін жартылай финалға өту үшін жігіттеріміз жұдырықтасады. Ширек финалға шыққан боксшыларымыз - Ермахан Жақыпов (69 келі), Нұрбек Оралбай (75), Махмуд Сабырхан (49), Бейбарыс Джексен (56), Рахат Сейжан (60) және Талғат Шайкенов (64 келі).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер