Ресейдің танымал спорт журналистері Қазақстан футбол федерациясына қонаққа келді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті Ресейдің танымал спорт журналистерінің қатысуымен отандық бұқаралық ақпарат өкілдеріне арналған семинар ұйымдастырды. Бүгін таңертең ресейлік қонақтар Қазақстан футбол федерациясының кеңсесін аралады.

Қазақстан футбол федерациясына келген қонақтардың ішінде «Спорт-Экспресс» газетінің шолушысы, спорт тақырыбындағы әртүрлі кітаптардың авторы Игорь Рабинер, спорт комментаторы әрі тележурналист Александр Кузьмак, комментатор және бұрынғы биатлоншы Дмитрий Васильев, журналист, спорт комментаторы, Олимпиадалық комитеттің баспасөз хатшысы Константин Выборнов, спорт комментаторы және тележурналист Юрий Розанов бар.

Қазақстан футбол федерациясы тарапынан кездеусге Бас хатшы Азамат Айтқожин, департамент жетекшілері, жаттықтырушылар мен ардагерлер қатысты. Кездесуге қатысқан тараптар бір-біріне сұрақ қойып, пікір алмасты. ҚФФ жетекшілері 25 сәуір күні өтетін конференцияда таныстырылатын «Вперед, футбол! Алға, Qazaqstan» атты даму стратегиясы туралы айтып берді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер