Хоккей

«Сарыарқа» клубына жаңа бапкер тағайындалды

«Сарыарқа» клубына жаңа бапкер тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

Қарағанды қаласының намысын қорғайтын «Сарыарқа» командасының бас бапкері болып 58 жастағы финляндиялық белгілі маман Кари Хейккиля тағайындалды, деп хабарлайды prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кари Хейккиля (Kari Heikkila) - 10.01.1960 жылы Финляндияның Кангасала қаласында дүниеге келген.

Ойыншы ретінде (қорғаушы) мынадай клубтар сапында өнер көрсеткен: «Калгари Рэнглерс», «Виктория Кугарс» (Канада, WHL), (1978-1979), «Ильвес» (Тампере, Финляндия) (1980-1983, 1987-1989, 1992), «Лулео» (Швеция) (1984-1986), «Вита Хястен» (Швеция) (1990-1991), «Фасса» (Италия) (1993-1994).

Кари бапкерлік қызметті 1994 жылы бастады. Алдымен швециялық «Сундсваль» клубын баптады. Одан кейін тағы бір швециялық «Буденом», финляндиялық ХПК, «Васса спортом» және «Кэрпэтом» қатарлы клубтарда қызмет атқарды. 2004 жылдан бастап бірқатар ресейлік командалардың тізгінін ұстады. 2016 жылдан бастап өз еліне қайтып қызмет істеген.

Жетістіктері:

Ойыншы ретінде

Финляндия чемпионатының қола жүлдесі: 1983, 1989

Жаттықтырушы ретінде

Финляндияның күміс жүлдесі: 2003
Финляндияның алтын жүлдесі: 2004
Ресей чемпионатының қола жүлдесі: 2005 ж
Ресейдің күміс жүлдесі: 2008 ж
КХЛ чемпионаты: 2009 ж

2004 жылы Финляндия хоккей лигасының ең үздік жаттықтырушысы деп танылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер