Басқа

Динара Сәдуақасованың шахмат мектебі ашылады

news-banner7
mobile-news-top
Атыраулықтармен кездескен шахматшы Динара Сәдуақасова Қазақстанда шахмат мектептерін ашуды қолға алатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Динара Атырау қаласының ең үздік, жоғары санаты шахматшыларына шеберлік сабағын өткізді.
Кездесуге Атырау облысының әкімдігі мен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының өкілдері және облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілдері қатысты. Кездесуге келгендерге Динара Сәдуақасова «Шахматтың алғашқы қадамдары» атты кітабын сыйға тартты.
«Қазақстанның болашағы - интеллектуалды дамыған, саналы жастарды қолдаудан басталады. Атырау облысындағы кезекті кездесудің шахматты насихаттаудың табысты жолдарының бірі боларына сенемін», - дейді әлем чемпионы Динара Сәдуақасова.
Динара Сәдуақасованың Шахмат академиясының филиалы биыл ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл мектеп аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған тегін сабақтар өткізеді.
«Біз әріптестерімізбен бірінші аймақтық шахмат мектебін Атырау облысында ашамыз деп шештік. Бұл облыс, Еуропадан Қазақстанға және Орталық Азияға салынған жол. Батыстың бизнес астанасынан бастап, шахмат ойынын еліміздің басқа түкпірлеріне жеткізуге үміттімін!» - деп атап кетті ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы ізгі ниетті елшісі.
Айта кетелік, кездесуді Динара Сәдуақасова атындағы Шахмат академиясы, Тұңғыш Президент Қоры және Атырау қаласының әкімдігі ұйымдастырыды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер