Бокс

Головкин «Канело» жайлы сұрақтарға ашуланды

Головкин «Канело» жайлы сұрақтарға ашуланды
news-banner7
mobile-news-top

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) реванш алдында допингпен ұсталған бұрынғы қарсыласы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) жайлы сұрақтарға ашуланды.

Бұл жағдай Геннадий Головкиннің америкалық Ванес Мартиросянмен (36-3-1, 21 КО) кездесуіне арналған ашық жаттығу кешінде болды. Журналистер қазақстандық боксшыдан алты айға шеттетілген "Канело" жайлы не ойлайтынын сұраған кезде Головкин олардан ол туралы сұрамауларын өтінді.

"Мен ол туралы ойламаймын да, ол жайлы ұмыттым. Қайтып келіп, барлығы таза болып жатса, сөйлесіп жатармыз. Расында да, жігіттер, мен допинг жайлы, "Канело" жайлы және оның командасы жайлы сөйлескім келмейді. Қазір менің барлық ойым Ванеспен өтетін жекпе-жекте, сол жайлы сөйлесейік", - деді Головкин.

Айта кетейік, Головкин - Мартиросян жекпе-жегі 5 мамырда Лос-Анджелестегі StubHub Center аренасында өтеді. 5 мамырдағы Головкин - Мартиросян жекпе-жегінің билеттерінің минималдық құны - 53 доллар, ал максималдық құны - 767 доллар.

Түпнұсқасы: kaz.tengrinews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер