Елена Алистратова Еуропа Чемпионатында қызмет атқарады

Елена Алистратова Еуропа Чемпионатында қызмет атқарады
news-banner7
mobile-news-top

ФИФА төрешісінің көмекшісі, қостанайлық Елена Алистратова 17 жасқа дейінгі қыздар арасында 2018 жылғы Еуропа Чемпионатының финалдық кезеңінің матчтарында төрелік етеді.

2018 жылғы Еуропа Чемпионатының финалдық кезеңін 9-21 мамыр аралығында Литва қабылдайды. Элиталық кезеңнің қорытындысы бойынша шешуші бәсекеге Германия, Испания, Польша, Англия, Голландия, Финляндия және Италия жолдама алды. Литва құрамасы алаң қожайыны ретінде қатысады.

Сонымен қатар, бұл турнир Уругвайда өтетін 17 жасқа дейінгі қыздар арасында 2018 жылғы Әлем Чемпионатына іріктеу кезеңі болмақ. Әлем біріншілігіне финалға шыққан екі команда және жартылай финалда жеңіліп қалған екі команданың арасындағы өтпелі ойында жеңіске жеткен команда жолдама алады.

Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер