Бокс

Головкин: Жекпе-жектің оңай болмайтынына сенімдімін

Головкин: Жекпе-жектің оңай болмайтынына сенімдімін
news-banner7
mobile-news-top

Екі спортшы арасындағы жекпе-жек Лос-Анджелестің маңындағы StubHub орталығының аренасында өтеді. Спорттық мансабында 40-тан астам жекпе-жекке шыққан Ванес Мартиросян 36 рет жеңіске жеткен. Ол өмірінде үш рет жеңіліс көріп, бір жекпе-жегін тең аяқтаған. Бүгінде әлем чемпионы қазақстандық спортшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасатын америкалық боксшы Головкинді жеңе алатындығына сенім білдірген болатын.

Ал Геннадий Головкин журналистерге берген сұхбатында өзінің қарсыласына үлкен құрмет танытып, оның мықты, әрі тәжірибелі боксшы екенін айтты. Сонымен қатар, қазақстандық боксшы GGG Мартиросянмен өтетін айқастың оңай болмайтынын да айта кетті.

«Ванесті көп уақыттан бері білетінмін. Бәлкім, 2004 жылдан бері олимпиада ойындарынан бері жақсы тани бастадым. Ол өте мықты тәжірибелі спортшы. Оның стилі жақсы және мықтыкомандасы бар. Мен оны құрметтеймін, ол калифорниялық жақсы жігіт. Оған қарап көріңіздер, ол кері шегінбейді. Көптеген адамдар бұл оңай күрес екенін айтады, бірақ олай емес. Бұл күрестің оңай болмайтынына жүз пайыз сенімдімін. Бұл бокс, сондықтан алда не болатынын ешкім білмейді», – дейді орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин.

Түпнұсқасы: stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер