Марин Аничич: Шымкентте ойнау біз үшін ылғи да қиынға соғады

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» командасы Қазақстан Премьер-Лигасының алтыншы туры аясында сырт алаңда шымкенттік «Ордабасыға» қарсы ойнап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Кездесуде қорғаныс шебінде сәтті ойын көрсетіп, шабуылға да дем берген елордалық команда қорғаушысы Марин Аничич клубтың баспасөз қызметіне ойын туралы пікірімен бөлісті:

- Біріншіден, барлық жанкүйерлерді, командалас әріптестерімді маңызды жеңіспен құттықтаймын. Шымкентте ойнау біз үшін ылғи да қиынға соғады. Сол себепті, лайықты әрі маңызды жеңіске қол жеткіздік деп ойлаймын. Кездесудің басында өз ойынымызды таба алмай, аздаған қателіктерге бой алдырып алдық. Одан кейін тез арада ес жинап, қажетті гол соға алдық. Тіпті, одан кейін гол соғатын 2-3 мүмкіндік болды. Алайда, сәттілік жетіспеді. Бірінші таймның соңында қақпамызға гол жіберіп алғанымыз өкінішті. Ойын тағдырын толықтай шешу үшін тағы да гол соғуға тырыстық. Дегенмен, қақпамызға гол жіберіп алмау да маңызды еді. Ойынның біздің пайдамызға аяқталғанына қуаныштымын.

- Екінші таймда ойын жүйесі бұзылды деуге болады. Мұны немен байланыстыруға болады?

- Мен сізбен толықтай келісемін. Екінші таймда шынымен де ойын жүрген жоқ. Негізі шынын айтар болсам, қарсылас командада 100%-дық гол соғантын мүмкіндік болды дей алмаймын.

- Бұл жағдайға алаң сапасының әсері бар ма?

- Алаң сапасы аса бір жаман болды дей алмаймын. Футбол ойнауға болар еді. Біз бұдан да жаман кездерде бұл алаңда ойнағанбыз. Ең бастысы жеңіске жеттік.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер