Теннис

Қызылордада теннистен республикалық турнир өтіп жатыр

news-banner7
mobile-news-top

Қызылорда қаласында теннистен «Қызылорда мастерс» республикалық турнирі басталып, жарысқа еліміздің 9 облысынан 12 команда қатысып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Бас-аяғы 100-ге жуық спортшы енді 5 күн бойы шеберлік байқасады. Жалпы бүгінде елімізде дәл осы спорт түрі қарқынды дамып келеді. Мәселен, өткен жылғы Азия чемпионатында қыздар құрамасы 3-орын, ал ұлдар 5-орын иеленді. Осы ретте өңірлердегі жас теннисшілердің талпынысы қуантады. Жетінші рет ұйымдастырылып отырған «Қызылорда Мастерс» турниріне 25 сырбойылық бақ сынауға бел буған. Бірнеше жыл бұрын бұл спортпен айналысушылар қатары саусақпен санарлық ғана еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер