ММА

Асылжан Бақытжанұлы АСВ тұжырымындағы ең үздік 5 спортшының қатарына енді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Асылжан Бақытжанұлы АСВ тұжырымының жаңартылған рейтингінде үздік 5 спортшының қатарына кірді, деп хабарлайды.

Әлемдегі ең үздік тұжырымдардың бірінде сынға түсетін Асылжан «САҚ» Бақытжанұлы ұйымның жаңартылған рейтингінде үздік 5 спортшының қатарына кірді. Ауыр салмақта жұдырықтасатын отандасымыздың салмағында чемпион ресейлік Батраз Агнаев болса, көш тізгінін тәжік спортшысы Довлетжан Ягшимурадов бастап тұр. Ал Асылжанмен жұдырықтасудан бас тартқан поляк Карол Селински мен америкалық Хори Кэндрикс екінші және үшінші орында тұр. Отандасымыз тұжырымның жаңартылған рейтингінде 4 орынға жайғасқан.

Айта кетейік, Асылжан Бақытжанұлы АСВ тұжырымдағы соңғы кездесуінде үздік бестікте тұрған Муслим Махмудовты техникалық нокаутпен жеңіп, чемпиондық атаққа бірден-бір үміткер екенін дәлелдеген болатын. Енді отандасымыз Мәскеуде өтетін АСВ 86 турнирінде сынға түседі. Сондай-ақ бұл кеште Арман «Сұңқар» Оспанов Акоп Степанянға қарсы жекпе-жек өткізеді.

Түпнұсқасы: Qsport.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер