русский язык
Хоккей

«Сарыарқа» хоккей клубы «Ермакты» жеңді

«Сарыарқа» хоккей клубы «Ермакты» жеңді

Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы өз алаңда «Ермак» (Ресей, Ангарск) командасын жеңді.

Бұл ойында «Сарыарқаның» хоккейшілері есепті бірінші болып ашты. Қарсыластар қанша тырысқанымен таразы басын теңестіре алмады. Ал «Сарыарқа» есеп айырмасын ұлғайтуды көздеді. Содан екінші кезеңде ойын тәртібі жиі бұзылып, екі команда бірде артық, бірде кем құрамда да ойнады. Бірақ ешқандай өзгеріс болмады. Матчтың аяқталуына санаулы минуттар қалғанда ғана Қарағанды қаласының хоккей клубы қарсыластардың қақпасына екінші шайбаны соқты. Қорытынды есеп - 2:0.

Бұл ойында «Сарыарқа» тағы үш ұпайға ие болып, Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде 12-ші орынға көтерілді. Команданың еншісінде барлығы 26 ұпай бар. Ал Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы сырт алаңда Челябі қаласының «Челмет» командасына жол беріп қойды. Есеп - 2:5.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;