Әлем футболы

Англияның үздіктері анықталды

Англияның үздіктері анықталды
news-banner7
mobile-news-top

23 сәуір Англия кәсіпқой футболшылар қауымдастығы (PFA) 2017/2018 жылғы маусымның үздік ойыншыларын жариялады, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Нәтижесінде «Ливерпуль» футбол клубының шабуылшысы Мохамед Салах «Жыл үздігі» деп танылды.

Биылғы маусымда үздік өнер көрсетіп, марапаттан үмітті болған футболшылар қатарында «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушылары Кевин де Брюйне, Давид Сильва, Лерой Сане, «Манчестер Юнайтед» клубының қақпашысы Давид Де Хеа, «Тоттенхэм Хотспур» шабуылшысы Харри Кейн және біз сөз етіп отырған Мохамед Салах болды. Дауыс беру нәтижесінде мысырлық футболшы жеңіске жетті.

ÐеÑой Сане пÑизнан лÑÑÑим молодÑм игÑоком Ðнглии по веÑÑии ÐФÐ

Ал «Жылдың үздік жас ойыншысы» атағын «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Лерой Сане иеленді. Ол Харри Кейн, Эдерсон Сантана, Маркус Рэшфорд, Райан Сессеньон, Рахим Стерлинг қатарлы үздік ойыншыларды жеңді.

Сонымен қатар, мамандардың жан-жақты саралауы нәтижесінде сарапталып алынған «Жыл құрамасы» да жарияланды. Бұл тізімге биылғы Англия чемпионы «Манчестер Сити» командасынан бес бірдей ойыншы енді.

«Қалалықтардан» кейін көп футболшысы таңдалған тағы бір команда - «Тоттенхэм» болды. Лондондық клуб сапынан үш ойыншы үздік деп танылды. Ал қалған үш ойыншы «Манчестер Юнайтед», «Ливерпуль», «Челси» командаларынан таңдап алынды.

PFA年度æä½³éµå¹æ¼èä»å¾·èµ«äºä¸äººæåºé¢

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер