Бокс

Данияр Елеусінов: Алғашқы қарсыласым ортаңқол боксшылардың бірі

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін америкалық боксшы Ноа Киддке қарсы өткізеді.

Отандасымыз алғашқы жекпе-жегі мен қарсыласы жайлы ойын білдірді.

- Бұл – менің алғашқы жекпе-жегім. Өзіме деген сенімділікті арттыруым қажет. Осыған қарай қарсылас таңдалды. Бұл жолғы қарсыласым ортаңқол боксшылардың бірі. Алғашқы жекпе-жекте шаршы алаңға бой үйретіп, кәсіпқой бокс атмосферасын сезіну үшін жұдырықтасуға болатын боксшы, - деді Данияр.

Данияр Елеусінов шаршы алаңға шығатын бокс кеші 28 сәуір күні Нью-Йорктегі «Барклайс» аренада өтеді. Басты кездесуде орта салмақтағы Дэниэль Джейкобс пен поляк Мацей Сулецки қолғап түйістіреді.

Жартылай орта салмақта өтетін Данияр Елеусінов пен Ноа Кидд жекпе-жегі 6 раундқа жоспарланған. Америкалық боксшы кәсіпқой бокстағы мансабын 2016 жылы бастаған. 4 жекпе-жек өткізіп, 3-де жеңіске жеткен. 1 кездесуінде қарсыласымен тең түскен. Барлық жекпе-жектерін Миссури штатында өткізген.

Айта кетейік, 28 сәуірдегі бокс кешінде Нью-Йорктегі қазақстандық полицей Димаш Ниязов (13-0-3, 6 КО) та шаршы алаңға шығады. Ол мексикалық боксшы Анхель Саринанмен (7-7-2, 3 КО) жұдырықтасады.


Түпнұсқасы: http://kazsport.kaztrk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер