Алексей Щеткин: Бапкерлер тапсырмасын сәтті орындап шықтық

news-banner7
mobile-news-top
«Астана» командасы Қазақстан Премьер-Лигасының алтыншы туры аясында сырт алаңда шымкенттік «Ордабасыға» қарсы ойнап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Аталмыш кездесуде дубль авторы атанып, елордалық командаға жеңіс сыйлаған шабуылшы Алексей Щеткин клубтың баспасөз қызметіне ойын туралы пікірімен бөлісті:

- Шынын айту керек, өте қиын ойын болды. Бір қарағанда барлығы жақсы болған сияқты. Алайда, шабуыл шебінде болған көп мүмкіндіктерді оңтайлы шеше алмай жаттық. Ойын соңында аздаған қиындықтар орын алды. Жалпы алғанда, бапкерлер құрамының кездесу алдында берген жүктемесін орындап шықтық. Жеңіске жеткенімізге қуаныштымын.

- Команда үш күннен кейін «Қызылжарға» қарсы кездесу өткізеді. Қалыпқа келу тұрғысында мәселелер болмай ма?

- Команда құрамындағы жігіттердің барлығы кәсіби ойыншы болғандықтан, алдағы ойынға үлкен жауапкершілкпен қарайтын болады. Сондықтан, ешқандай мәселе болмайды деп ойлаймын.
Түпнұсқасы: fca.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер