Қазақстан кубогы ширек финалының жеребесі 25 сәуір күні тартылады

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан кубогының ширек финалдық кездесулерінің жеребесі 25 сәуір күні тартылады, деп хабарлайды prosports.kz сайты ҚКФЛ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара елордада Астана уақытымен сағат 9:00-де Rixos President Astana қонақ үйінің мәжіліс залында өтеді.

2018 жылғы Қазақстан кубогының ширек финалына қатысушылар:

— «Атырау»
— «Ертіс»
— «Қайрат»
— «Қайсар»
— «Махқтаарал»
— «Ордабасы»
— «Тобыл»
— «Шахтер»

Барлық қатысушылар бірдей жағдайда және бір себетке орналастырылған. Бұл кезеңдегі кездесулер тек бір матчтан тұрады. Ойындар жеребе кезінде алғаш таңдалған команданың алаңында өтеді. Матчтар өтетін уақыт 2018 жылдың 23 мамыры.

Жеребе тарту рәсімін Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер