Жеңіл атлетика

Мария Телушкина Беларусь елінде өтетін халықаралық жарысқа қатысады

news-banner7
mobile-news-top

26-28 сәуір аралығында Беларусь мемлекетінің Брест қаласында КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Евгений Шукевичті еске түсіруге арналған дәстүрлі жеңіл атлетика турнирі өтеді, деп хабарлайды жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Осы жарысқа Рио Олимпиадасының қатыушысы, қазақстандық дискобол Мария Телушкина да барады.

Евгений Шукеевич кезінде қаншама балға лақтырушыларды дайындаған жаттықтырушы. Василий Руденков, Ромаульд Клим секілді Олимпиада чемпиондарын тәрбиелеген.

Бұл жарыс осымен 34-ші рет ұйымдастырылып отыр. Жылдан-жылға танымалдылығы артып, көптеген белгілі атлеттер қатысып жүр.

Брестте ядро серпушілер, найза, балға, диск лақтырушылар әр түрлі жас категориясы бойынша жүлдеге таласады.

Дискоболдар арасындағы сайыс 28 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша 12:00-де басталады. Былтырғы жылы беларусь спортшысы Светлана Серова (52,81 м), 2016 жылы украиналық Ольга Абрамчук (56,11 м) жеңіске жеткен.

Мария Телушкинаның жеке бапкері, 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының қола жүлдегері Татьяна Лесовая халықаралық додалардың спортшылар үшін маңызы зор екенін айтады. Өйткені біздің атлеттер мұндай сайыстарға аз қатысады. Кез келген халықаралық жарыс спортшының шеберлігінің өсуіне мүмкіндік береді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер