Бокс

Талдықорғандық әуесқой спортшылар өзара кім мықтыны анықтады

news-banner7
mobile-news-top

2020 жылға дейін ел халқының 30 пайызы бұқаралық спортпен айналысуы тиіс, деп жазады 24.kz.

Елбасы жолдауында айтылған тапсырманы орындау мақсатында әуесқой спортшылар арасында жиі жарыстар өтеді. Соның бірі Алматыдағы дәстүрлі спартакиада биыл да жалғасын тапты. Дене шынықтыру – денсаулық кепілі. Осы қағиданы берік ұстаған сала қызметкерлері спартакиада ойындарында бақ сынасты.

Мұнда энергетиктер мен байланыс саласының өкілдері, құрылысшылар мен өзге де кәсіп иелері спорттың бірнеше түрінен жеңімпаздарды анықтады. Бұл жолы Талдықорғанның «Энергетиктері» жарыстың бірнеше түрінен чемпион атанды. Сол сияқты елімізде ІТ технологияны дендеп меңгерген, әсіресе, есептеу құралдары секілді күрделі техниканы құрастыруда өзіндік үлгі көрсетіп келе жатқан «Сайман» командасының еңбеккерлері де жарыстың үш түрінен озып шықты. Олар эстафеталық сында да ешкімге дес бермеді. Энергетиктерден құралған «Холдинг» командасы да бірнеше жарыс түрінде көзге түсті. Спартакиада ойындары футбол, волейбол, кір тасын көтеруден, арқан тарту мен дойбыдан және үстел теннисінен өтті.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер