Теннис

Рафаэль Надаль Монте-Карлодағы турнирде 11-рет топ жарды

news-banner7
mobile-news-top

Рафаэль Надаль Монте-Карлодағы кәсіби-теннисшілер қауымдастығы (ATP) сериясының "Мастерс" санатындағы турнирінің жеңімпазы атанды. Оның сыйақы қоры - €4,8 млн, деп хабарлайды ТАСС.

Надаль финалда жапондық Кэя Нисикориді 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Рафаэль маусымдағы өзінің алғашқы турнирін өткізіп, өз спорттық жолында 76-ыншы ATP турнирінде мерейі үстем болды. Испандық 11-інші рет (2005-2012, 2016-2018) Монте- Карлодағы беделді турнирдің жеңімпазы атанды.

Ол бір ғана рет, 2013 жылы екі сетте серб Новак Джоковичке жол беріп жеңіліске ұшыраған еді. Сондай-ақ Үлкен дулыға турнирі сериясында Надаль 16 рет жеңіс тұғырына көтерілген. Тап қазіргі уақытта испандық әлемнің бірінші ракеткасы атағына ие.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер