Бокс

«Баскесерлер» тартып алуға дайындалуда». Экс-чемпион GGG-дi сақтандырды

«Баскесерлер» тартып алуға дайындалуда». Экс-чемпион GGG-дi сақтандырды
news-banner7
mobile-news-top

Бірінші орта салмақтағы WBC тұжырымының бұрынғы әлем чемпионы Серхио Мораның (29-5-2, 9 КО) пікірінше, көп ұзамай жас боксшылар Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) белбеуін тартып алуға күш салады.

Твиттерде жанкүйерлердің бірі Морадан Джермалл Чарлоның (27-0, 21 КО) Уго Сентеномен (26-2, 14 КО) жекпе-жегіндегі нокауты мен оның Головкинмен кездесу мүмкіндігіне қатысты пікірін сұрады.

"Мен нокаут күттім, алайда осыншалық тез болады деп ойлаған жоқпын. Шынында да өте әсерлі көрініске куә болдық. [Чарло Головкинді жеңе ала ма?] Уақыт өткен сайын GGG қартайып барады. Әлгі жас "баскесерлер" тартып алуға дайындалып жатыр", — деп жауап берді Серхио.

Айта кетейік, Чарло орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионының "уақытша" белбеуін иеленіп, толыққанды титулға міндетті үміткер атанды, ал бұл белбеу қазіргі таңда қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) иелігінде.

Түпнұсқасы: sputniknews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер