Бокс

Ломаченконың жеңісті жолы

news-banner7
mobile-news-top

Жуырда ғана өзінің туған күнін тойлаған украиналық танымал боксшы кейбір спортшылар мансабының со­ңында да жете алмайтын биіктерді 30 жасына дейін бағындырып үлгер­­ді. Бүгінге дейін екі рет Олим­пиада және әлем бі­рін­шілігінің жеңімпазы атан­ған Василий Ломаченконың же­­ңіске жолы тынбай ең­бек­­тенген адамның бәрі­не қол жеткізе алатынына дә­лел болады.

Василий Ломаченко 1988 жылы Укринаның Одесса облысына қарасты Белгород-Днестровский қаласында дү­ние­ге келген. Әкесі – Ана­то­лий Ломаченко бокс клубы­ның жаттықтырушысы, анасы – Татьяна Ломаченко кәсіби ак­робат, спорт шебері. Спорт­шылар отбасында дүниеге келген бала да спорттан алысқа ұза­май­тыны белгілі. Сол се­беп­­ті кіші Ломаченко бокс әліппе­сін үйренуді әкесінің қа­таң қадағалауымен бастады. Әуел­де Анатолий Ломаченко ұлы­ның кә­сіби боксшы болғанын қа­ла­ма­ған, тек нағыз ер-азамат тәр­бие­леуді көздеген. Кіші Ломаченко 10 жасына дейін тек рингке шы­ғып қоймай, ескек есу, футбол және самбо спортымен шұ­ғыл­­данған. Кейіннен оны әкесі бокс үйірмесінен шығарып, биге береді.

Ол би үйірмесіне бар­ғысы келмейтінін, биді жаны қа­ла­майтынын әкесіне қанша айт­қанымен, онысынан түк шық­пады. Әкесі оған «Егер би­ге бармайтын болсаң, бокс үйір­месіне мүл­де қатыспайсың» деп қор­қытқан. Василий өзінің сүйік­ті спортынан айырылып қалмас үшін, әкесінің дегеніне көніп 3 жыл бойы биге қатысады. Анатолий Ломаченко баласын не үшін биге бергенін былай түсіндіреді. «Мен ұлымның боксқа икемі бар екенін, бола­шақ­та үлкен додаларда топ жара­тынына көзім жетіп тұрды. Бірақ ол үшін аяқта жұмыс істеу­ді меңгеру керек екенін түсін­дім. Сол үшін мен оны биге бер­дім», дейді әкесі.

Расымен, Лома­чен­ко бидің арқасында рингте аяқпен еркін қимылдап, шаршы алаңда билеп жүргендей жыл­дам әрі епті әрекет жасайды. Қарсыластарының көбі Лома­чен­коның қимылын болжай алмай, жеңіліп жататын. Ұлының аяқпен қимыл­да­у­ын­да мәселе жоқ екенін, енді қай­та бокспен шұғылдануға бола­тынын ескерген әкесі Васи­лийді 13 жасында қайта бокс за­лына әкеледі. Тынбай ізденіс үс­тінде жүрген әкесі күн сайын жаңа жаттығу ойлап, ұлын ерекше әдістермен дайындай бастайды. Бір күні жазық далада, екінші күні теңіз жағасында жүгіртеді. Ал үшінші күні судың ішінде жат­тығу жасатқызады. Оны­сы­мен қоймай, маңызды жарыс алдында баласына теңіз ішінде тол­қынға қарсы 9 шақырым жү­зуді тап­сырады. Ол жаттығу кезінде баласына ешқашан жанашырлық танытқан емес. Ломаченко әке­сіне «Әке, шаршадым, аз ғана де­м­алайықшы» дегенде, әкесі ұлына күліп қарап, «Балам, біз де­малыссыз жаттығамыз» деп дай­ындығын әрі қарай жал­ғас­тыра береді. Әкесі айтады: «Жер шарында бізден де басқа адамдар өмір сүріп жатқанын түсінуіміз керек. Сол адамдардың ішінде біз сияқты Олимпиада, әлем чемпио- ны болу үшін тынбай еңбек етіп жатқан бір адам болуы мүмкін. Тіпті олар жаттығу кезінде біз­ден екі есе көп машықтанып жа­туы да ықтимал. Мысалы, сен бү­гін өзіңді аяп 10 жаттығу орын­дасаң, ол 12 жаттығу іс­тей­­ді. Ертең сен 12 жаттығу істе­сең, ол 15 рет машықтануы ға­жап емес.

Мі­не, сен жарысқа бар­май-ақ, ол адам­нан жеңіліп жа­тыр­сың. Со­н­- дықтан алдыңа биік мақ­сат қой­ған екенсің, ол жолда еш­теңе­ден аянбау және өзіңді аямауың керек», дейді. Ал Ломаченконың өзі әкесі­нің күнде жаңа жаттығу ойлап табатыны соншалықты, кей­де жаттығуды неден бас­тарым­ды білмей қала­мын дейді. «Ме­нің бокспен шұ­ғыл­­данып жүр­ге­німе 20 жылдан асса да, жал­ғыз қалғанда әлі күнге дейін жат­ты­ғуды неден бастарым­ды біл­мей­мін. Былай қарасаңыз, мен Олимпиада, әлем чемпионымын. Бірақ жаттығуға келгенде әкем болмаса мен ешкім емес екенмін. Әкеммен жүрсем жаттығуға да, жекпе-жекке де алаңдамаймын», дейді чемпион. Әкесі баласының рингте өзін еркін сезініп, аяқта шапшаң қимылдай алатынына көзі жетіп, ұлына жеңістің бәрі тек тыным­сыз еңбектің, жаттығудың арқасында келетінін осылайша ұқтырды. Енді Ломаченкоға осы екеу­ін біріктіретін, дегеніне жету үшін білім керек деп ойлайды.

Сөйт­ті де, баласымен әрбір жаман сөз айтқаны үшін атақты жа­зу­шылардың, ақындардың шы­ғар­масын оқып, өлеңдерін жат­тауға келісті. Василий айтады: «Украина спорт­шыларының тарихында сабақ­ты таңғы беске дейін оқыған мен шығар. Кешкі жаттығудан шаршап келіп, сабақ орындауға ерінетінмін. Әкем «Сабағыңды орындадың ба?» деп сұраса «иә» деп жауап беретінмін. Ал шын мәнінде мен кітаптың бе­тін де ашпаған едім. Сабақ оқы­ма­ға­нымды білген әкем таңға дейін маған сабақ оқытатын». «Адам кім болғанына қара­мас­тан, оған ең алдымен білім керек. Егер спортшы сабағын дұрыс оқи алмаса, одан тәуір спортшы шыға қоюы екіталай. Кез келген спорт түрі адамнан жоғары білімді талап етеді. Егер сен шынымен білімсіз болсаң, онда саған үлкен спортта орын жоқ. Орын болғанымен, сен тек спорт шебері деген атаққа дейін жетуің мүмкін. Ал әрі қарайғы же­тістікке тек білімің арқылы жетес­ің», дейді Ломаченконың үлкені.

Тіпті Анатолий Ломаченко ұлын сабақ оқымаған үшін ел іші­лік және халықаралық жарыс­тар­ға қатыстырмайтын. Васи­лий­мен қатар балалар жеңіске жетіп, чемпион атанып жатқанда чемпион бала үйінде сабақ оқып отыратын. Кейін Василийдің өзі жарысқа қатыса алмай қалған кездері өзіне қосымша күш сыйлап, жеңіске деген жігерін арттыра түскенін айтады. Сөйтіп ол 2004 жылы Украинаның жастар құрамасына қабылданып, сол жылы Еуропа чемпионы және үздік боксшы атанды. Ал 2007 жылы 19 жасында бірінші рет ересектер арасындағы әлем чемпио­натына қатысып, Олимпиадаға жолдама алғанымен, финалда жеңіліп қалды.

Бұл Ломачен­ко­ның әуесқой бокстағы жал­ғыз жеңілісі болатын. Оның түйсі­гін­де екінші немесе үшінші орын алу деген мүлдем болмайтын. Арадан бір жыл өткенде ол Олимпиада чемпионы атанды. Онда ол бір жыл бұрын әлем чемпионатында жеңілген ресей­лік Альберт Селимовпен алғаш­қы айналымда жолығып, еш қиындықсыз жеңіске жетті. Бейжің Олимпиадасынан кейін Василий Ломаченко Украинаға жұлдыз болып оралды, ал Бел­го­­род-Днестровск тек тарихи қала ғана емес, сонымен қатар атақ­ты боксшыны тәрбиелеген қала ре­тінде танымал болды. Себе­бі Бейжіңде ол техникасы ең мық­ты боксшы марапатталатын «Вел Баркер» кубогының иегері атан­ған-ды. Арадан төрт жыл өткенде Ва­си­лий Ломаченко Лондонда өткен Олимпиадаға қатысып, екін­­ші рет Олимпиада чемпионы бол­ды. Бұған дейін ол 2009 және 2011 жылы Милан мен Бакуде өт­кен әлем чемпионатын­да жеңім­паз болып, Украина бок­сы тари­хында әлем чемпиона­ты мен Олимпиаданы жеңген тұң­ғыш боксшы ретінде қалды. Міне, осындай үлкен жаттығу мен еңбектің, тәртіп пен білімнің арқасында Василий Ломаченко тек Украинаның емес әлемнің ең атақты боксшысына айналды. Сон­дай-ақ боксты енді бастаған спорт­шылардың кумиріне ай­нал­ды. Оның бүгінге дейін жү­ріп өткен жеңіс жолы жас спорт­шы­ларға қосымша күш, қосымша серпін беретіні анық.

Түпнұсқасы: egemen.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер