Бокс

«GGG робот емес»: Мартиросян Головкинмен өтетін жекпе-жекте әлемді таңғалдырмақ

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық былғары қолғап шебері, орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің америкалық қарсыласы Ванес Мартиросян 5 мамыр күнгі жекпе-жекте бірнеше нұсқа бойынша GGG-ді жеңіп, жұртты таңғалдыратынына сенімді.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қазіргі уақытта Мартиросян бұрынғы UFC чемпионы Ронда Розимен жұмыс істеген белгілі жаттықтырушы Эдмонд Тарвердяның басшылығымен SNAC спорт орталығында жаттығуда.

«Мен бұл мүмкіндікке әлемді таңғалдыру үшін қол жеткіздім. Мен роботпен жұдырықтаспаймын. GGG – қарапайым адам, оны жеңуге болады. Мен осы жекпе-жекке құмартып отырмын. Қазіргі уақытта SNAC спорт орталығында жаттығып жатырмын, сондықтан бізде жеңіске жету үшін жоспар бар екендігіне сенемін», – деп келтіреді Boxingscene.com Мартиросянның сөзін.

Айта кетейік, Головкин мен Мартиросян кездесуі 5 мамырда Лос-Анджелес маңындағы Карсондағы (Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер