Бокс

Джермалл Чарло: Головкин – үздік боксшылардың бірі, ғажайып жігіт

news-banner7
mobile-news-top

Америкалық боксшы Джермалл Чарло қазақстандық Геннадий Головкинге мақтау сөздерін арнады.

- Головкинмен жұдырықтасу мүмкіндігін алғым келеді. Себебі ол – үздік боксшылардың бірі, Даңқ залының болашақ мүшесі, ол ғажайып жігіт!, - деді Чарло.

Айта кетейік, Чарло Головкинге тиесілі WBC белбеуіне міндетті үміткер саналады. Соңғы жекпе-жегінде Уго Сентеноны ұтқан соң, ол GGG-ді кездесуге шақырған еді.

Ал Головкин келесі жекпе-жегін 5 мамырда америкалық Ванес Мартиросянға қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер