Бокс

Билли Джо Сондерс: Альваресті төрт жылға жазалау керек

Билли Джо Сондерс: Альваресті төрт жылға жазалау керек
news-banner7
mobile-news-top

Британиялық боксшы Билли Джо Сондерс Невада штаты Атлетикалық комиссиясының Сауль Альваресті допинг қолданғаны үшін алты айға ғана жазалағанына қарсы шықты.

- Канело алты ай жазадан соң қыркүйекте-ақ рингке орала алады. Комиссияның бұл жағдайдағы көзқарасы – ақымақтық. Егер боксшы допинг-сынамадан ұсталса... Айыппұл ма? Мың немесе екі мың фунт ештеңені өзгертпейді. Мұндай жағдайда боксшыны төрт жылға жазалау керек, - деді Сондерс.

Естеріңізге салсақ, Сауль Альварес 5 мамырда Геннадий Головкинмен жұдырықтасуы керек болған. Алайда ақпан айында оның екі допинг-сынамасы оң нәтиже көрсетіп, Канело кездесуден бас тартты. Артынша, мексикалық боксшы алты айға жазаланды.

Енді Головкин Альварестің орнына 5 мамырда Ванес Мартиросянмен жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер