Теннис

Рафаэль Надаль Монте-Карлодағы турнирде 11-рет жеңіске жетті

news-banner7
mobile-news-top

Рафаэль Надаль Монте-Карлодағы кәсіби-теннисшілер қауымдастығы (ATP) сериясының «Мастерс» санатындағы турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Оның сыйақы қоры – €4,8 млн. Надаль финалда жапониялық Кэй Нисикориді 6:3, 6:2 есебімен жеңді.

Рафаэль маусымдағы өзінің алғашқы турнирін өткізіп, өз спорттық жолында 76-шы ATP турнирінде мерейі үстем болды. Испан теннисшісі 11-ші рет (2005-2012, 2016-2018) Монте-Карлодағы беделді турнирдің жеңімпазы атанды. Ол тек 2013 жылы ғана екі сетте серб Новак Джоковичке жол беріп, жеңіліске ұшыраған еді.

Сондай-ақ, Үлкен дулыға турнирі сериясында Надаль 16 рет жеңіс тұғырына көтерілген. Тап қазіргі уақытта Надаль әлемнің бірінші ракеткасы атағына ие.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер