Велоспорт

«Астана» Скарпониге арнап фильм шығарды. Видео

«Астана» Скарпониге арнап фильм шығарды. Видео
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» велокомандасы ресми YouTube-арнасында италиялық шабандоз Микель Скарпониді еске алуға арналған фильмді жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Скарпони 2017 жылы 22 сәуірде 38 жасқа қараған шағында Филоттрано маңында жаттығу жасап жүріп, жол апатынан қайтыс болған еді. Көз жұмарынан бір күн бұрын ол «Альпі турының» кезеңінде бесінші орын алған.

Скарпонидің отбасы оны «Астананың» жейдесімен жерледі. Шабандоздың Анна есімді әйелі мен егіз балалары артта қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер