«Қайрат» өз алаңында «Қайсарды» жеңді

«Қайрат» өз алаңында «Қайсарды» жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Премьер лигасының алтыншы туры аясында «Қайрат» командасы өз алаңында «Қайсарды» қабылдады, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Алматының орталық стадионында өткен ойын 4:1 есебімен аяқталды.

Өткен турда бұл екі команда да тең ойнаған болатын. «Қайрат» сырт алаңда «Астанамен» тең түссе, «Қайсар» өз алаңында «Ертісті» жеңе алмаған еді.

Бүгін алматылық клубтың бас бапкері Карлос Феррер негізгі құрамға біраз өзгерістер енгізді. Маусым басында сынап көрген үш орталық қорғаушы жүйесіндегі тактикасы жеміс бермеген соң, соңғы екі турда классикалық төрт қорғаушы жүйесіне көшкен болатын. Ал шабуыл шебінде тек легионерлер өнер көрсетті. Жарақатынан жақында айыққан Иличеви пен команданың жаңа ойыншысы Хуан Фелипе негізгі құрамда шықты.

Ойынның алғашқы таймында алаң иелері басымдылық танытқанымен, бір гол ғана соға алды. 19-шы минутта Исаэл соққан голға қонақтар сапынан Курьор 27-шы минутта жауап берді. Бірінші тайм дәл осы 1:1 есебімен аяқталды.

Ал екінші таймда командаға тек жеңіс керек екені еске түскен алматылықтар бар өнерін көрсетті. Алдымен 60-шы минутта Аршавин есепі 2:1 ге жеткізді. Ал ойынның 76-шы минутында Чума Анене үшінші голды соғып, қызылордалықтардың жеңіске деген жігеріне су септі. Анене Уругвайдан аттай қалап алдырса да бапкер үмітін ақтай алмай жүрген Угоның орнына екінші таймда алаңға шыққан болатын.

Ойынға қосылған қосымша уақытта Лунин есеп айырмасын үш голға жеткізе білді.

Осы жеңісінен кейін алматылық команда турнирлік кестеде екінші сатыға көтерілді.

«Қайрат» - «Қайсар» 3:1 (1:1)

Гол соққандар: Исаэл (19), Аршавин (60), Анене (79) Лунин (90)- Курьор (27)

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ) - Гафуржан Сүйімбаев, Акош Элек, Елдос Ахметов, Станислав Лунин - Исламбек Қуат (К), Хуан Фелипе, Исаэль Барбоза, Андрей Аршавин (Вороговский), Иво Иличевич (Исламхан) - Уго Сильвейра (Анене).

«Қайсар»: Александр Григоренко (Қ) - Ілияс Әмірсеитов, Иван Граф, Александр Марочкин, Абдель Ламанж - Думан Нәрзілдаев (К) (Гурман), Валерий Коробкин, Мақсат Байжанов (Джа Джедже) - Пол Вере, Матиас Курьор, Тоқтар Жаңғылышбай (Арнин).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер