Әлем футболы

Иньеста «Чунцин Лифань» командасына ауысатын болды

news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» сапынан тағы бір аңыз ойыншы кетеді. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Қытайдың PPTV телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Каталониялық жартылай қорғаушы алдағы аптада «Чунцин Лифань» клубымен 3 жылға келісім шартқа отырады. Аталған трансфердің жүзеге асырылуына қытайлық команданың президенті Цзянь Лижанг ерекше ықылас білдіріп отырған көрінеді. Мұндағы мақсат жанкүйерлердің назарын футбол ойынына аудару.

Осыған дейін 34 жастағы футболшы Аксель Витсель және Алешандре Пато сияқты еуропалық чемпионатта ойнаған спортшылардың қатарына қосылып «Тяньцзинь Цюаньцзянь» клубының жейдесін киеді деген ақпарат тараған.

Еске салайық, Андрес «Барселона» сапында жүріп 30 кубок жеңіп алды. Бұдан бөлек Испания ұлттық құрамасымен 5 мәрте Еуропа және Әлем чемпионы атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер