Бокс

Қазақстандықтар Головкин-Мартиросян жекпе-жегін қашан көре алады?

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросянмен өтетін жекпе-жектің билеттерінің бағасы белгілі болды. Сондай-ақ кездесудің қаншада басталатыны анықталды, деп хабарлайды 24.kz.

Басылымның мәліметінше, жекпе-жек 5 мамырда Лос-Анджелестегі StubHub Center аренасында өтеді. Айта кетейік, бұл арена 9 000 көрерменге арналған. Головкин 2014 жылы осы аренада мексикалық Антонио Рубиомен жұдырықтасып, екінші раундта оны нокаутқа түсірген болатын. Сол кезде рекордтық көрсеткіш орнатылып, 9 323 билет сатылған еді.

Ал 5 мамырдағы Головкин-Мартиросян жекпе-жегінің билеттерінің минималдық құны – 53 доллар, ал максималдық құны – 767 доллар. Кездесу жергілікті АҚШ уақыты бойынша сағат 20.00-де басталады. АҚШ-та жекпе-жекті HBO телеарнасы көрсетеді. Ал қазақстандықтар жекпе-жекті келесі күні, 6 мамырда таңғы уақытта көре алады.

Бокс кешінің басты оқиғасы Астана уақыты бойынша сағат 09.00-де басталады. Бірақ жекпе-жектің әзірше каналдардан көрсетілетіні белгісіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер