Бокс

Әлем чемпионы Крус Головкиннің Мартиросянды қай раундта нокаутқа түсіретінін айтты

news-banner7
mobile-news-top

Мексикалық боксшы Лео Санта Крус (34-1-1, 19 КО) Головкиннің (37-0-1, 33 КО) алдағы Ванес Мартиросянмен (36-3-1, 21 КО) айқасын мерзімінен бұрын аяқтайтындығына сенімді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мартиросян - жақсы боксшы, жылдам, ширақ та тәжірибелі. Менің ойымша, бұл айқас тез аяқталады. Мен Головкинді сыйлаймын. Мексикалық стилде жұдырықтасады... Ол (Геннадий Головкин-авт.) сегізінші раундта нокаутпен жеңеді», - деді Крус Boxeo TV берген сұхбатында.

Жекпе-жек 5 мамырда Карсондағы StubHub Center аренасында өтеді (АҚШ, Калифорния штаты).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер