Хоккей

«Арлан» хоккей командасы жанкүйерлерімен жүздесті

news-banner7
mobile-news-top

Биылғы маусымның жеңімпазы көкшетаулық «Арлан» хоккей командасы жанкүйерлерімен кездесті.

Чемпиондармен жүздесуді көптен күткен халық облыс орталығындағы мəдениет сарайына лық толды. Үлкендер спортшыларды жеңістерімен құттықтаса, жастар жағы жеңімпаздардан қолтаңба алып жатты. Көкшетаулықтар әрбір ойыншыны жеке-жеке атап, төрге шығарып, тік тұрып құрмет көрсетті. Кездесуде хоккейшілер мен жаттықтырушылар жанкүйерлердің сауалдарына жауап беріп, маусымның қалай өткенін және алдағы уақытта команда құрамының өзгеретіні туралы айтты. Сондай-ақ, финалдағы ойындардан үзінді көрсетілді. Айта кетейік, «Арлан» хоккей командасы ел чемпионатының ақтық сынында астаналық «Номадты» 4:2 есебімен жеңіп, алғаш рет Қазақстан чемпионы атанған болатын.

Александр Бадак, қала тұрғыны:

- Мен «Арлан» хоккей клубы құрылғалы бері жанкүйер болып келемін. Міне тіпті менің үстімдегі жейде сол 2009 жылғы алғашқы ойынның формасы. «Арланның» мен секілді тұрақты қолдаушылары өте көп. Мұз аренасында қазір өзіміздің белгілі орындарымыз бар. Біз, бұл жеңісті 9 жыл бойы күттік. Енді осы чемпиондық атақты сақтап қалу керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер