Бокс

Сағадат Раxманқұл колумбиялық қарсыласынан басым түсті

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сағадат Раxманқұл колумбиялық боксшыны жеңді.

Кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін АҚШ елінде өткізеген Сағадат Раxманқұл кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Отандасымыз жеңіліп көрмеген колумбиялық Джон Леонмен (3-0 2 КО) 6 раунд жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Бірінші орта салмақта сынға түскен Сағадаттың қарсыласы өз мықтылығын көрсетіп, отандасымызға әжептеуір тегеуірін көрсетті.

Айта кетейік, Сағадат Раxманқұл кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін америкалық Ноэл Ескудаға (8-5-2, 6 КО) қарсы өткізіп, 5-ші раундта теxникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Түпнұсқасы: Qsport.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер