«Тараз» ФК Қазақстан кубогының финалына шықты
![«Тараз» ФК Қазақстан кубогының финалына шықты](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1383144294_403609374.jpg?v=28715540)
Ел кубогының жартылай финалдық кездесуінде «Тараз» сырт алаңда 1:0 есебімен «Ақтөбеден» басым түсті.
Екінші таймда қарымта шабуылдардың бірінде Сергей Шафф кездесу тағдырын шешкен жалғыз голдың авторы атанды.
Естеріңізге сала кетсек, командалар арасындағы алғашқы матч - 0:0 есебімен аяқталған.
Осылайша, «Тараз» Қазақстан кубогының ақтық сынына жолдама алды. Финалда жамбылдықтар қарағандылық «Шахтермен» кездеседі.
Қазақстан кубогы. Жартылай финал. Қарымта матч.
«Ақтөбе»-«Тараз» - 0:1 (0:0)
Гол: Шафф 90
«Ақтөбе»: Сидельников, Мулдаров, Давыдов, Арзуманян, Тағыберген, Логвиненко, Гейнрих, Бикмаев, Кападзе, Балтаев, Аймбетов
«Тараз»: Нұрмұхаметов, Мехмедович, Айтбаев, Баялиев, Шабаев, Лечич, Евстигнеев, Сергиенко, Қожамберды, Бауыржан, Шафф