Әлем футболы

Салах АПЛ рекордын қайталады

news-banner7
mobile-news-top

«Ливерпуль» ойыншысы Мохаммед Салах «Вест Бромвичпен» (2:2) болған ойында бір гол соқты.

Бұл голынан кейін Салахтың Англия премьер лигасында соққан голдар саны отыз бірге жетті.

Бұл көрсеткіш бойынша Салах Алан Ширер (1995/96), Криштиану Роналду (2007/08) және Луис Суарестің (2013/14) рекордын қайталады.

Салах рекордты жаңартып жеке дара көш бастау үшін енді бір гол соғу жеткілікті. Ол үшін Египет құрамасының ойыншысында әлі үш ойын бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер