Бокс

Канадада қазақстандық үш боксшы рингке шығады

news-banner7
mobile-news-top

Шавиниганда (Канада) 16 маусымда үш қазақстандық қатысатын бокс кеші өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Атап айтқанда, рингке Абылайхан Құсайынов (8-0, 5 КО), Нұрзат Сабиров (5-0, 5 КО) және Садриддин Ахмедов (1-0, 1 КО) шығады. Бірақ олардың қарсыластарының кім екендіктері әзірге жарияланған жоқ.

Алдында Құсайыновтың бокс кешінің бірінде өзге қазақстандық - Батыр Жүкембаевпен (12-0, 10 КО) 26 мамырда Квебекте (Канада) рингке шығуы күтілген еді. Бірақ таңдау маусымдағы жекпе-жекке ауысты. Абылайхан өзінің соңғы айқасын 31 наурызда өткізді. Ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен мексикалық боксшы Хильберто Месуды (8-4-1, 5 КО) жеңді.

Сабиров 7 сәуірде чех Станислав Эшнермен (8-9-1, 5 КО) айқасқан. Алты раундтық жекпе-жек төртінші раундта Нұрзаттың жеңісімен аяқталды (техникалық нокаут).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер