СІЗ БІЛМЕЙТІН ҚЫЗЫҚТАР
Әлем футболы

Венгер «Арсеналға» келгенде әлем қандай еді

Венгер «Арсеналға» келгенде әлем қандай еді
news-banner7
mobile-news-top

Кеше футбол әлеміне күтпеген жаңалық келіп жетті. «Арсеналды» 22 жыл бойы жаттықтырған Арсен Венгер осы маусымнан соң қызметінен кетеді. Футбол үшін бір дәуірдің аяқталуы деп білеміз мұны.

Клуб басшылары бапкерлерді «шұлықша» ауыстырып жатқан заманда 22 жыл бойы бір командада тер төгу үлкен ерлік. Ал Венгер «зеңбірекшілердің» тізгінін енді ұстаған кезде әлем қандай болды? 1996 жыл несімен есте қалды?

Арсен Венгер «Арсеналға» келген жылы:

- «Манчестер Сити» 18-ші орын алып, ағылшын Премьер-лигасынан ұшып кетті. Ал Англияның вице-чемпионы атағы «Ньюкасл Юнайтед» клубында. Ел чемпионы – «Манчестер Юнайтед».

- Қазақстан тәуелсіздік алғалы алғаш рет жазғы Олимпиада ойындарына қатысты. Қазақстандық боксшы Василий Жиров Олимпиада чемпионы атанды.

- Борис Ельцин Ресей президентінің сайлауында жеңіске жетті.

- Әлемге әйгілі рэпер Тупак Шакурді белгісіз біреулер атып өлтірді. Ол ескерткіші орнатылған алғашқы рэпер атанды.

- Ресейде Бірінші шешен соғысы аяқталды.

- Шахматтан әлем чемпионы Гарри Каспаров компьютерлік бағдарламамен ойнап, алғашқы партияда ұтылып қалды. Компьютер шахматта алғаш рет адамнан басым түсті. Бірақ кейін Каспаров қалған партияларды ұтып, матчты жеңіспен аяқтады.

- УЕФА Чемпиондар лигасын италиялық «Ювентус» жеңіп алды. Турнирдің үздік сұрмергені – «Аякс» ойыншысы Яри Литманен (9 гол).

- Қазақстанда оппозициялық қозғалыстар дами түсіп, түрлі митингілер өте бастады.

- «Хабар» телеарнасынан «Тоғысқан тағдырлар» («Перекресток») атты сериал көрсетіле бастады. Қазақстандық сериал алдағы төрт жыл бойы экранға жол тартып, 465 сериясы түсіріледі.

- Англияда футболдан Еуропа чемпионаты өтті. Финалда Германия мен Чехия құрамалары кездесіп, неміс командасы құрлық чемпионы атанды. Ал Англия мен Франция құрамалары үшінші орын алды.

- Қазақстандық эстрадаға Парвиз Назаров атты жас әнші келіп, бірнеше хит әндердің авторы атанады. Сонымен қатар, «АБК» триосы құрылды.

- Лерой Сане, Марко Асенсио, Деле Алли сынды футбол жұлдыздары дүниеге келді.

- «Алтын доп» жүлдесі Германия құрамасы мен боруссиялық «Дортмунд» ойыншысы Маттиас Заммерге бұйырды.

- Джордж Р. Р. Мартиннің «Тақтар ойыны» («Игра престолов») атты романы жарыққа шықты. Кейін бұл роман желісі бойынша әлемдегі ең үздік сериалдардың бірі түсіріледі.

- «Батыл жүрек» («Храброе сердце») фильмі «Оскар» жүлдесін жеңіп алды. Ал «Үздік актер» номинациясы Николас Кейджге бұйырды.

- «Тараз» футбол клубы өз тарихында алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды.

- Ал футболдан Қазақстан кубогының финалы жанжалмен аяқталды. Ақтық сынға шыққан ақтаулық «Мұнайшы» мен семейлік «Елімай» Қазақстан Республикасы футбол қауымдастығының президенті Құралбек Ордабаевтың қызметінен кетуін талап етіп, сол кезде ғана кубокты қабылдауға уәде берді. Финалда семейлік футболшылар жеңіске жеткен, алайда талап орындалмағаны үшін Кубокты қабылдаған жоқ. Нәтижесінде жартылай финалда ұшып кеткен алматылық «Қайрат» пен өскемендік «Восток-Әділ» кубокты сарапқа салып, алматылық футболшылар жеңімпаз атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер