Бокс

Лу Дибелла: 6 айдың ішінде Халк болып кету мүмкін емес

Лу Дибелла: 6 айдың ішінде Халк болып кету мүмкін емес
news-banner7
mobile-news-top

Бокс промоутері Лу Дибелла допингпен ұсталған Сауль Альваресті сынға алды. Промоутердің сөзінше, мексикалық боксшы бұзылған етті әдейі жеген.

«Көптеген компаниялар өз ережелерін 5 минут сайын өзгертеді. WBC басшылығы Альвареске Головкинмен жұдырықтасуды бұйырды. Канело ешқашан WBC-дің таза бокс бағдарламасына енбеген. Олар жекпе-жекті хабарлап қойды, бірақ Альварес таза бокс бағдарламасы үшін ешқашан қол қоймады.

Адамның 6 ай ішінде осындай ірі болып кетуі мүмкін емес. Ғажайып түрде Халкке айналуға болмайды. Оның 154 фунттағы жекпе-жектерінің суреттерін көріңіздерші. Мексикалық мультимиллионер бұзылған ет жеді деп ойлайсыздар ма? Мұны жазатайым жасағанына күмәнім бар», – деді Дибелла.

Естеріңізге салсақ, Сауль Альварес 5 мамырда Геннадий Головкинмен жұдырықтасуы керек болған. Алайда ақпан айында оның екі допинг-сынамасы оң нәтиже көрсетіп, Канело кездесуден бас тартты. Артынша, мексикалық боксшы алты айға жазаланды.

Енді Головкин Альварестің орнына 5 мамырда Ванес Мартиросянмен жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер