Футзал

«Спортинг» УЕФА Кубогының финалына шықты

«Спортинг» УЕФА Кубогының финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Португалиялық «Спортинг» УЕФА Кубогының «Төрттік финалында» венгриялық «Дьер» командасын жеңіп финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы таймда португалиялық команда қарсылас қақпасына жауапсыз бес гол соқты. Алекс Мерлим, Диего Кавинато және Диого бірден гол соқса, Кардинал қос голдың авторы атанды.

Екінші таймда екі команда бір-бір голмен алмасты. Венгриялық команда қатарынан Криштоф Шахо есепті қысқартса, ойындағы соңғы голды «Спортинг» ойыншысы Диегиньо өз еншісіне жазды.

Екінші жартылай финалдық кездесуде испандық қос клуб «Барселона» мен «Интер» кездеседі.

Ол ойын Астана уақытымен 01:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер