русский язык
Футбол

Кисслинг «Фейсбуктегі» парақшасын жойды

Кисслинг «Фейсбуктегі» парақшасын жойды

«Байер» футбол клубының шабуылшысы Штефан Кисслинг «Фейсбуктегі» ресми парақшасын жойды. Себебі футболшыға «Хоффенхайм» қақпасына соққан голынан кейін жанкүйерлер тарапынан айбат сөздер жазылған.

Штефан Кисслинг жанкүйерлердің қауіп-қатерінен «Фейсбуктегі» парақшасын жоюға мәжбүр болды. «Хоффенхайм» қақпасына шын мәнінде кірмеген гол есептелген соң жанкүйерлер ойыншыға төне бастады. 

«Мен үшін бұл оңай болған жоқ. Енді жағдай түзелер деп үміттемін. Гол соғылған кезде мен төрешенің қасына бармадым, өйткені соққыдан кейін голдың кірген-кірмегенін анық аңғарған  жоқпын», – дейді Кисслинг Express.е сайтына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;