Әлем футболы

Арсен Венгер «Арсеналдан» кетті

Арсен Венгер «Арсеналдан» кетті
news-banner7
mobile-news-top

«Арсенал» футбол клубының бас бапкері Арсен Венгер 2017/18 жылғы маусым аяқталған соң қызметінен кетеді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Бұл туралы лондондық команданың баспасөз қызметі жазды.

68 жастағы маман 22 жылдан бері «Арсеналдың» екі тізгін, бір шылбырын бір өзі ұстап келді. Осы аралықта команданы 1228 мәрте алаңға бастап шығып, 704 ойында жеңіске жеткен. Үш дүркін Англия чемпионы (1997-98, 2001-02, 2003-04). Сонымен қатар Англия кубогы мен Англия Суперкубогын 7 реттен жеңіп алған.

Алайда, команданың соңғы жылдардағы сүреңсіз ойынына жанкүйерлердің көңілі толмай, француз бапкердің орнын босатуын талап етушілер саны артқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер