ММА

Нурмагомедов пен Макгрегор келіссөзді бастады

Нурмагомедов пен Макгрегор келіссөзді бастады
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор Макгрегормен жекпе-жек өткізу жөнінде келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

- Макгрегормен жекпе-жек бойынша келісөздер жүргізіп жатырмыз. Бірақ мен келіссөздің ұзаққа созылғанын қаламаймын. Егер жыл соңына дейін Конормен келісе алмасам, Дастин Порье немесе басқа спортшыға қарсы жұдырықтасамын, - деп келтіреді Хабибтің сөзін ресейлік «Комсомольская правда» басылымы.

Айта кетейік, ресейлік спортшы соңғы жекпе-жегін Тони Фергюсонға қарсы өткізу керек болған. Алайда америкалық спортшы жарақат алып қалуына байланысты кездесуден бас тартқан. Осылайша, Хабиб Нурмагомедов Эль Яквинтпен жұдырықтасып, чемпиондық белбеуін қорғап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер