Футзал

«Қайратты» «өлтірген» қазылар Төрттік финалына шақырылды

«Қайратты» «өлтірген» қазылар Төрттік финалына шақырылды
news-banner7
mobile-news-top

Элиталық кезеңдегі «Қайрат» - «Интер» матчында қазылық етіп, алматылық клубтың ойыншысы мен бас бапкерін алаңнан қуған төрешілер Саша Томич пен Анджело Галанте УЕФА Кубогының финалдық кезеңінде қызмет етеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Естеріңізде болса, D тобындағы фавориттер кездесуінде рефери алматылық клубтың президенті Қайрат Оразбековке, кейін бас бапкер Какау мен қақпашы Игитаға қызыл қағаз көрсеткен болатын. Осы шешімдерден соң мадридтік клуб өз алаңында жеңіске жетіп, Төрттік финалына жолдама алған еді.

Хорват Томич пен италиялық Галантеден бөлек Төрттік финалда румын Богдан Сореску мен Ондрей Черны төрелік етеді.

УЕФА Кубогы Төрттік финалының матчтары Сарагосада өтеді. 20 сәуірде жартылай финалда «Интер» мен «Барселона», португалиялық «Спортинг» пен венгриялық «Дьер» күш сынасады. Финал мен үшінші орын матчы 22 сәуірде өтеді. Тікелей трансляцияларды Prosports.kz сайты жариялайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер