«Құпия» ақпарат
Бокс

Қанат Ислам: «Канеломен» қуана-қуана жұдырықтасамын

Қанат Ислам: «Канеломен» қуана-қуана жұдырықтасамын
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25–0, 20 КО) өзінің келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр.

ESNews телеарнасының репортері Эли Секбах «Қазақтың»жаттығуларының бірінде болып, отандасымызға бірнеше сұрақ қойған екен.

— Қанат, 25 жекпе-жектің бірінде де жеңілмегенсің бе? Жақсы рекорд.

— Маған қарсылас тауып берші (күледі).

— Джермелл Чарломен жұдырықтасар ма едің? Ал «Канеломен»ше?

— Иә, қуана-қуана келісер едім (күледі).

— Ал GGG-мен жекпе-жекке қалай қарайсың?

— Ол 160 фунтта ғой.

— Жақында жекпе-жек өткізесің бе?

— Иә.

Қанат Ислам соңғы рет рингке Астанада өткен жылдың қыркүйегінде шықты. Ол кезде канадалық Брэндон Кукті техникалық нокаутпен ұтқан болатын. Қанаттың келесі жекпе-жегі Лас-Вегаста өтеді деп жоспарлануда, қай күні және қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз.

Түпнұсқасы: sputniknews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер