Еркін күрес

Күрестен Қазақстан әйелдер құрамасының бапкері ауысты

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның күрестен әйелдер құрамасының бас бапкері ауысты. Қайрат Сағадиевтің орнына Нұрлан Аманқосов келді. Бұл туралы Вaq.kz ақпарат агенттігі жазды.

Қайрат Сағадиев бұл лауазымда үш жылдан аса уақыт отырды.

Ол 2015 жылдың қаңтарында Гузель Манюрованың орнына келген болатын.

Сағадиев бас бапкер болғанда Қазақстан құрамасы халықаралық аренада көптеген жетістікке жетті.

Жаттықтырушының өзі құраманы тастағысы келмейтінін айтты.

«Әйелдер құрамасымен және қазір Қазақстанды халықаралық деңгейде танытып жүрген спортшылармен 14 жылдан бері жұмыс істеймін. Мен мектеп қабырғасынан бері келе жатырмын. Сондықтан маған тағы да уақыт пен мүмкіндік беру керек еді. Себебі мен өз тәжірибемді әрі қарай – 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға дейін көрсетер едім», - деді Қайрат Сағадиев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер