Ауыр атлетика

Токио Олимпиадасына 2 ауыр атлет қана қатысады

Токио Олимпиадасына 2 ауыр атлет қана қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Пекин мен Лондон Олимпиадаларынан кейін спортшылары допингпен көп ұсталған елдер 2020 жылғы Токио Олимпиадасында толық құраммен таныса алмайды. Мұндай шешімді Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қабылдады.

Ереже бойынша Токио Олимпиадасында әр елге сегіз лицензиядан (төрт еркек пен төрт әйел) беріледі. Енді 2008-2020 жылдар ішінде антидопингілік ережені кем дегенде 20 рет бұзған елдер Токиоға екі ғана спортшысын жібере алады – бір еркек пен бір әйел. 2008-2016 жылдар ішінде Қазақстанның 29 ауыр атлеті допингпен ұсталған болатын.

Айта кетейік, Токио Ойындарының іріктеуі 2020 жылы сәуірде аяқталады. Егер сол уақытқа дейін тағы да допингпен ұсталған елдер сол жылғы Олимпиададан шеттетілуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер