Just Wrestling
Күрес

Әйелдер күресінен ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен босатылды

Әйелдер күресінен ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен босатылды
news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер күресінен ұлттық құраманың жаңа бас бапкері тағайындалды, деп хабарлайды prosports.kz.

2015 жылдың қаңтар айынан бері әйелдер күресінен ұлттық құраманың тізгінін ұстаған Қайрат Сағадиев осы күнде өз қызметінен босатылды. Оның орнына еркін күрес шебері Нұрлан Аманқосов келді. Айта кететін жайт, Нұрлан АМанқосов Қайрат Сағадиевпен бірге ұлттық құраманың бапкерлік штабында істеген.

Нұрлан Аманқосов еркін күрестен Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, кадеттер арасындағы әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері.

Құраманың бұрынғы бапкері Қайрат Сағадиевтің айтуынша, ол Азия біріншілігінен кейін қызметін босатқан.

«Ондай шешімді Гузель Манюрова қабылдады. Бізден үнемі медаль күтеді. Алайда, Олимпиада ойындарынан кейін құраманың көшбасшы балуандары демалыс алды. Сонымен қатар, құрама 80% жаңартылып, жас спортшылар келіп қатарға қосылды. Оларға өзін көрсету үшін уақыт керек. Бұл мәселелерге Гузельдің көзқарасы бөлек. Сол себепті ол осындай өзгерістер енгізді», - деді Қайрат Жұманұлы.

2015 жылдан бері әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының нәтижесі:

Азия чемпионаттары

  • 2015 жыл – 1 күміс және 5 қола
  • 2016 жыл – 3 күміс және 2 қола
  • 2017 жыл – 1 күміс 3 қола
  • 2018 жыл – 3 қола

Әлем чемпионаты 2016 года

  • 1 қола медаль

XXXI Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиада ойындары

  • 1 күміс және 2 қола

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер