Хоккей

«Барыстың» жанкүйерлері клуб басшылығына қарсы шықты

news-banner7
mobile-news-top

«Барыстың» жанкүйерлері хоккей клубының басшылығына қарсы шықты. Тіпті еліміздің түкпір-түкпірінен қол жиналып, федерация өкілдеріне хат жолданды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Бейнежазбадан бөлек федерация президентіне де арнайы хат жолданды. Көпшілік клубтың қазіргі басшылығы орнын босатуы тиіс дейді. Естеріңізге сала кетейік, маусым ортасында бас бапкер Евгений Корешков қызметін тоқтатып, оның орнына Ғалым Мәмбеталиев келді.

Осы уақытқа дейін де Найджел Доус және Роман Савченкомен қайта келісімшарт жасалмағандығы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған еді. Спортшылар Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатына да қатыспайды. Алайда клубтың баспасөз орталығы ресми түрде ойыншылардың кеткендігі жайында мәлімет бермеді.

– Клуб өкілдері ойыншылар командадан шығады деп мәлімет берген емес. Олар қазіргі кезге дейін біздің қызметкерлеріміз, сондықтан қандай да бір пікір білдірудің қажеті жоқ. Хоккейшілермен жасалған келісімшарт 30 сәуірде аяқталады, - дейді «Барыс» ХК баспасөз қызметкері Евгений Акманов.

Қазір 22 адамнан құралған еліміздің хоккей құрамасы Венгрияда бірнеше жолдастық кездесу өткізуде. Ал әлем чемпионаты 22 сәуірде басталмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер