Бокс

Ресми: Головкиннің қарсыласы анықталды

Ресми: Головкиннің қарсыласы анықталды
news-banner7
mobile-news-top

WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин 5 мамырда жұдырықтасатын болды.

Ол америкалық боксшы Ванес Мартиросянмен ресми түрде жұдырықтасатынын хабардар етті. Жекпе-жек 5 мамырда Карсондағы StubHub Center аренасында өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин 5 мамырда Лас-Вегаста мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасуы керек болатын. Алайда ақпанда Канелоның қанынан допинг табылып, мексикалық боксшы кездесуден бас тартты.

Кейін GGG-дің командасы Мартиросянмен кездесу өткізу үшін ұзақ уақыт бойы IBF-мен келіссөз жүргізді, себебі бұл ұйым Головкинінң украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасқанын қалады. Алайда IBF Головкин — Мартиросян жекпе-жегін ұйымдастыруға рұқсатын берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер