русский язык
Футбол

«Ротор» ойыншысы араққа тойып бапкерін ұрды

«Ротор» ойыншысы араққа тойып бапкерін ұрды

Волгоградтық «Ротордың» шабуылшысы Антон Архипов «Интурст» қонақ үйінде ішімдікке тойып бұзақылық жасаған үшін командадан қуылды, деп хабарлайды «Ротор» клубының ресми сайты. 

Архипов 23-ші қазан күні Хабаровтың «СКА-Энергияға» қарсы өткен матчтан соң, қонақүйде бапкерлін боқтап, қонақ үйдің есік терезесін сындырған. Сондай-ақ футболшы бапкерлердің бірін аяқпен теуіп, ауызға келгенін айтқан. Клуб басшылығы ойыншымен бірден келісімшартты бұзды.

Айта кетер жайт, осы маусымда 27 жастағы Архипов «Ротор» сапында 16 матчқа қатысып үш рет көзге түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;