ҚР Кубогының 1/8 финалының ойындары өтті

ҚР Кубогының 1/8 финалының ойындары өтті
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Қазақстан Кубогының 1/8 финалы аясындағы ойындар өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жергілікті футболшыларға сенім артқан «Қайрат» сырт алаңда «Оқжетпесті» жеңсе, дәл осындай құраммен «Астана» Бірінші Лига командасы «Мақтааралға» есе жіберді. Сондай-ақ, «Ордабасы» «Қыранның» тас талқанын шығарса, «Атырау» соңғы минуттарда «Ақжайықтан» жеңісті жұлып алды. Қызылорданың «Қайсары» өз алаңында ел біріншілігінің бірі турында есесі кеткен «Ақтөбені» ұтты. Ал «Тобыл» «Жетісу» командасының қақпасына жалғыз гол соғып, жолдамаға ие болды. «Шахтер» - «Қызыл-Жар» және «Тараз» - «Ертіс» ойындарында жолдаманың тағдыры матч соңындағы пенальти сериясында шешілді. «Шахтер» мен «Ертістің» футболшылары қарсыластарына қарағанда қақпаны дәл көздеді.

«Оқжетпес» - «Қайрат» - 3:5 (1:1)

Голдар: Касьянов 36 (1:1), Гетериев 49 (2:1), Абдулин 69 (3:3) – Исламхан 5 (пен)(0:1), 66 (пен)(2:3), 70 (3:4), Парагульгов 55 (2:2), Швырев 90+4 (3:5)

«Қайсар» - «Ақтөбе» - 2:0 (2:0)

Голдар: Коробкин 13 (1:0), Жаңғылышбай 34 (2:0)

«Мақтаарал» - «Астана» - 3:1 (1:0)

Голдар: Ермұрзаев 42 (1:0), Абутов 57 (2:0), Нәбиев 80 (3:0) – Прокопенко 86 (3:1)

«Қыран» - «Ордабасы» - 0:6 (0:2)

Голдар: Ли 11(0:1), Төлебек 23 (0:2), Әшірбеков 48 (0:3), Төлебек 51 (0:4), Ли 69 (0:5), Джигаури 82 (0:6)

«Шахтер» - «Қызыл-Жар» - 0:0 (0:0) Пен: 7:6

Алаңнан қуылды: Попхадзе (Қызыл-Жар) 120

«Ақжайық» - «Атырау» - 0:1 (0:0)

Гол: Максимович 66 (0:1)

«Тобыл» - «Жетісу» - 1:0 (0:0)

Гол: Тұрысбек 65 (1:0)

«Тараз» - «Ертіс» - 0:0 (0:0) Пен: 4:5

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер