Бокс

Промоутер Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

Промоутер Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанда туған ресейлік танымал промоутер Владимир Хрюнов орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы екінші жекпе-жектің қашан өтетінін айтты.

«Бұл жекпе-жектің қалайда өткенін қалаймын.Қазір болмаса да күзде өту керек. Қазақстандық локомотив Геннадий Головкин Альварес аялдамасынан ызғыта өтуі тиіс.

Менің ойымша, Сауль Альваресті ұзақ уақытқа спорттан шеттете қоймайды. Егер Головкин мамырда жекпе-жек өткізетін болса, ерте күзде GGG - «Канело» екінші жекпе-жегін тамашалауымыз мүмкін», - деді белгілі промоутер отандық порталдың біріне берген сұқбатында.

Айта кетейік, бүгін ESPN басылымы Невада штатының спорт комиссиясы Сауль Альваресті бір жылға спорттан шеттеткенін хабарлаған болатын.

Түпнұсқасы: kaz.tengrinews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер